18 сәуір 2022 10:22

Еңбек министрлігі 1 сәуірдегі орташа зейнетақы мөлшерін атады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылғы 1 сәуірдегі зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылғы 1 сәуірдегі зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 245,6 мыңнан аса адам.

"2022 жыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 105 344 теңге", - делінген хабарламада.

1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 704,9 миллиард теңгеден астам зейнетақы төленді. Наурызда зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 234,8 миллиард теңгеден астам бөлінді, оның 71,4 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 163,4 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленді.

Еске салайық, наурызда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 105 538 теңге болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети