07 сәуір 2022 16:24

Француз компаниясы Қазақстанда АЭС салу жоспарына қызығушылық танытты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

"Самұрық-Қазына" қорының басшылығы Францияның Orano компаниясымен Қазақстандағы атом саласын дамыту мәселесін талқылады. Бұл туралы қор сайтында хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Самұрық-Қазына" қорының басшылығы Францияның Orano компаниясымен Қазақстандағы атом саласын дамыту мәселесін талқылады. Бұл туралы қор сайтында хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Келіссөздердің негізгі тақырыбы еліміздің оңтүстігінде уран өндіретін KATCO бірлескен қазақстандық-француз кәсіпорнының жұмысы туралы. Orano аймақта KATCO өнеркәсіптік нысандарын пайдалану үшін 12 МВт күн электр станциясын салуды ұсынады.

"Самұрық-Қазына" мәліметінше, француз тарапы "таза энергия көзі ретінде Қазақстанда Атом электр станциясын салу жоспарына да үлкен қызығушылық танытты".

"Қазір бұл бастама пысықталып жатыр, соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Қалай болғанда да, біз энергия көздерін әртараптандыруға және теңгерімді энергетикалық тұрақтылықты құруға ниеттіміз. Мақсатымыз ядролық қана емес, сонымен қатар газ және жаңартылатын қуат көздерін дамыту", - деді "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.

Сонымен қатар, тараптар күкірт қышқылын өндіру жобасын жүзеге асыру перспективаларын, сондай-ақ бірлескен инвестиция тарту мүмкіндіктерін де талқылаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети