04 наурыз 2022 16:35

Жамбылдағы жарылыс: Министрлік жоғалған сарбазды іздеу жұмыстарының қайта жалғасатынын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігінің комиссиясы ведомство басшысы Руслан Жақсылықовтың басшылығымен Тараз гарнизонына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қорғаныс министрлігінің комиссиясы ведомство басшысы Руслан Жақсылықовтың басшылығымен Тараз гарнизонына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігінің басшысы Тараз гарнизонының инфрақұрылымдық нысандарымен танысты, әскери бөлім командирлерінің міндеттері, бөлімшелердің жеке құрамы мен жаcақталуы, жауынгерлік мүмкіндіктері, инфрақұрылымы мен оны дамыту перспективалары, әскери бөлімдердің ағымдағы жағдайы туралы есептерін тыңдады. 

Байзақ ауданындағы әскери бөлімде министрге техникалық аймақты жарылғыш зат сынықтарынан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы айтылды. Инженерлік оқ-дәрілер базасында тазарту жұмыстары жүргізілді, жарылғыш заттардың сынықтары арнайы жабдықталған алаңдар мен жинау пунктіне шоғырландырылды.

"Комиссия осы айда қайта жалғасып жатқан сенбілік жұмыстарын жалғастыруға дайындықты тексерді. Әсіресе 2021 жылдың тамыз айында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстар кезінде хабарсыз кеткен әскери қызметші сержант Дауытбаев Бауыржан Талғатұлын іздеуді қайта жалғастыруға тапсырма берді", – деді қорғаныс министрлігі.

Сонымен қатар, Руслан Жақсылықов қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттарын даярлау орталығында болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети