18 сәуір 2024 16:59

Жетісу облысында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы жалғасып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Freepik Freepik

Өткен жылдан бастап іске қосылған жобаның мақсаты - белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға волонтер ретінде қосу.


Өткен жылдан бастап іске қосылған жобаның мақсаты - белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға волонтер ретінде қосу.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің жетекшісі Саян Ахметжановтың мәліметінше 170-тен аса белсенді азамат еріктілер қатарын толықтырды. Жоба 4 бағыттажұмыс істейді:

- Қоғамдық бақылау. Еріктілер бағаны көтеруге байланысты Мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізеді. Мысалы, жобаны іске асыру басталғаннан бері (2023 жылдың тамызында) 324 млн.теңгеден астам сомаға бағаның көтерілуіне жол берілмеді (2023 жылы - 164 млн., 2024 жылы - 160 млн.). Сондай-ақ, антикор еріктілері Сарқан ауданы мектебінің директоры лауазымына жарияланған конкурс бойынша болуы мүмкін мүдделер қақтығысының алдын алды, Қаратал ауданы мектебінде ақшалай қаражатты заңсыз жинау бойынша мұғалімдердің құқықтарын қалпына келтірді.

- Pro bono еріктілік (кәсіби көмек көрсету). Мұқтаж азаматтарға кәсіби көмек көрсететін заңгерлер мен сарапшылардан жасақталған топтар. Бүгінгі таңда мобильді топ облыстың 7 ауданында (Сарқан, Көксу, Қаратал, Ақсу, Алакөл, Панфилов және Ескелді аудандары) болды. Акция барысында 580-ден астам азамат қабылданды.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және білім беру. Ерікті студенттер Департаментпен бірлесіп студенттердің сабаққа қатысуын бақылау бойынша "QR-код қосымшасын" әзірледі.

- Корпоративтік еріктілік. Жыл басынан бері еріктілер мен жастароблыс бойынша 4 000 үлестірме материал таратып, коммуналдық түбіртектердің артқы жағында сыбайлас жемқорлыққа тап болған кездегі әрекеттің алгоритмі көрсетілді.

Жобаның барлық бағыттары бойынша еріктілерге арналған оқыту семинарлары өткізілді. Шешілген мәселелер- әділ және ашық қоғам құру жөніндегі азаматтық белсенділіктің айқын мысалы. Жоба бойынша жұмыс жалғасуда.

Материалды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті ұсынды
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети