13 қазан 2014 19:54

Қарағанды әкімдігі 262 миллион теңгеге пәтер сатып алғалы жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Portal.goszakup.gov.kz ©Portal.goszakup.gov.kz

Қарағанды әкімдігі 262,36 миллион теңгеге екі бөлмелі пәтер сатып алу туралы тендер жариялады (1,44 миллион доллар), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР мемлекеттік сатып алу порталының мәліметіне сілтеме жасап.


Қарағанды әкімдігі 262,36 миллион теңгеге екі бөлмелі пәтер сатып алу туралы тендер жариялады (1,44 миллион доллар), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР мемлекеттік сатып алу порталының мәліметіне сілтеме жасап.

Лот сипаттамасында Қарағанда әкімдігінің бұл сомаға өңделген екі бөлмелі пәтер сатып алғалы жатқаны жазылған. Сайтта тендер 2014 жылдың 8 қазанында жарияланған. Арыздар 28 қазанға дейін қабылданады. Электронды конкурс ұйымдастырушысы тапсыру уақытын - қалалық құрылыс бөлімі - 2014 жыл деп белгілеген.

Kn.kz порталының мәліметіне сәйкес, бұрын пайдаланылған тұрғын үйлердің жергілікті нарықтағы шаршы метрінің 2014 жылдың қыркүйек айындағы орташа бағасы шамамен 198 мың теңге. Ең жоғарғы құны 234 мың, ал төменгі құны - 138 мың теңге. Егер осы баға бойынша жорысақ, бөлінген ақшаға қалада 1120-ден 1900 шаршы метрге дейін баспана сатып алуға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды әкімдігі Land Cruiser 200 көлігін 5 миллион 282 мың теңгеге сатып алуға тендер өткізген. Лот сипаттамасы бойынша, бұл ақша "шеттегі ұйымдардың жеке паркінде көліктерге көрсетілетін қызмет комплексіне, оның ішінде көлік жөндеуге, бокста сақтауға" жұмсалуы керек болған. Бұл жерде мәселе бір автокөлік туралы айтылып тұр, ал тапсыру мерзімі 2014 жылдың шілде айынан желтоқсан айына дейін деп көрсетілген. Сатып алуға "Шаруашылық басқармасы" ЖШС ғана қатысқан. Осыған байланысты электронды конкурс өтпей қалды деп танылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети