08 шілде 2015 14:35

Қарағандылық туристер отырған ұшақ Түркияда қалып қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қарағандылық туристер отырған ұшақ Түркияда қалып қойды, - деп хабарлайды NV.kz.


Қарағандылық туристер отырған ұшақ Түркияда қалып қойды, - деп хабарлайды NV.kz.

"Сары-Арқа" әуежайының анықтама қызметінің мәліметінше, SCAT әуе компаниясының чартерлік рейсін Қазақстаннан Түркияға дейін Boeing 757 орындайды, ол аптасына төрт рет ұшады. Белгісіз себептермен 8 шілде күні Анталиядан келетін рейс кешікті. Соның кесірінен қазақстандық туристер Түркиядан уақытында ұшып шыға алмады, ал ұшақ жоспарланған уақытта Қарағандыға қонған жоқ. SCAT әуе компаниясындағылардың мәлімдеуінше, мәселенің барлығы қазір шешілді. Кешігу резервтегі әуе кемесін күтуге байланысты болған, бірақ сағат 09.37-те қарағандылықтар мінген Boeing Анталиядан ұшып шықты.

Сонымен қатар, Қарағандының әуежайында Түркияға уақытында ұшып кетпеген туристер жиналып қалды. 230-ға жуық адам еңбек демалыстарын шегеруге мәжбүр болды. Олардың көпшілігі үйлеріне қайтты. Бірақ олардың арасында облыс орталығынан алыста орналасқан қалалардың тұрғындары бар. Олардың әуежайда күтулеріне тура келді.

"Біз кешігу туралы "Сары-Арқа" әуежайына келгенде, таңғы сағат төртте білдік. Адам өте көп жиналған, бір ұшақ толатындай. Екі сағат бойы техникалық ақауларға байланысты ұшақтың ұшу уақыты 18.00-ге ауысатыны хабарланды. Бірақ кейін оған ешқандай кепілдің жоқ екені анықталды", - дейді туристердің бірі.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети