30 қыркүйек 2015 11:04

Қайрат Жамалиевтің істі қайта қарау туралы өтініші қанағаттандырылмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана апелляциялық соты Қайрат Жамалиев пен басқа да сотталушыларға қатысты үкімді өзгертусіз қалдырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана апелляциялық соты Қайрат Жамалиев пен басқа да сотталушыларға қатысты үкімді өзгертусіз қалдырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Қайрат Жамалиев пен осы іске қатысы бар өзге де тұлғаларға шығарылған үкімді өзгертусіз қалдырды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, таяуда кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің 13 жылға сотталғаны, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болғаны жазылған еді. Сонымен бірге, оның мүлкі тәркіленетіні белгілі болды. Соттың жабық түрде өткен іс қарауы екі айға жуық уақытқа созылды. Арман Әбілтаев болса 12 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Осы іске қатысы бар делінген Анатолий Прибытков қатаң режимдегі колонияға 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуінің де мүлкі тәркіленеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети