26 мамыр 2015 18:52

Қазақстанда арзан автонесиеге бөлінген алғашқы қаражат 2015 жылдың тамызында таусылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

 © REUTERS © REUTERS

"Қазақстан даму банкінің" екінші дәрежелі банктерге арзан автонесие үшін бөлген қаражаты 2015 жылдың тамызында таусылуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚДБ құрылымдық қаржыландыру департаментінің директоры Мөлдір Сауытбекова айтты.


"Қазақстан даму банкінің" екінші дәрежелі банктерге арзан автонесие үшін бөлген қаражаты 2015 жылдың тамызында таусылуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚДБ құрылымдық қаржыландыру департаментінің директоры Мөлдір Сауытбекова айтты.

"2015 жылдың сәуір-мамыр айларында келіп түскен өтініштердің көлеміне байланысты ҚДБ бағдарламаны қаржыландыруды 2015 жылдың тамызының соңында аяқтайды деп күтіліп отыр", - деді ол. Оның айтуынша, жеңілдікпен берілетін автонесие 20 жылға есептелген, ал екінші дәрежелі банк бөліп отырған қаражат көлемі жаңартылып отырады.

"Қарыз алушының ай сайынғы өтеген қаражаты банк шотына түсіп отырады. Қарыз алушылар 2015 жылдың маусым-шілде айларында банктерге барып, несиеге автомобиль алуға өтініш бере алады. Бағдарлама қаражатын толық игергеннен кейін қарыз алушылардан айына 200-250 миллион теңге түсіп отырады, ол несиеге қайтадан 60-70 автомобильді беруге жұмсалады", - деді Сауытбекова.

ҚДБ мәліметінше, бағдарламаға қатысып жатқан 6 банк те өтініш қабылдап жатыр.

2015 жылдың 25 мамырындағы мақұлданған өтініштер туралы ақпарат:

Tengrinews.kz тілшілері банктердің Call-орталықтарынан осы бағдарламаның статусы туралы сұрап көрді. Алты банктің үшеуі жеңілдікпен берілетін автонесиелердің тоқтап қалғанын айтты. "Еуразиялық банк" бөлінген қаражаттың игеріліп бітуіне орай, бағдарламаның 23 сәуірде аяқталғанын айтты. "Ресей Жинақ банкінде" де дәл осындай жағдай. "Центр Кредит Банк" бөлінген қаражатты игеріп бітті, дегенмен олар әлі де өтініш қабылдап жатыр. "Қазақстан Халық банкі" автонесиені "АгромашХолдинг" АҚ шығарған машиналарға береді.

ҚДБ құрылымдық қаржыландыру департаментінің директоры Мөлдір Сауытбекованың айтуынша, мұндай жағдайлар банктің ішкі қатынасының дұрыс еместігінен болады. "Қазір барлық банктерге өтініштер көптеп түсіп жатыр. Банктер үлгермей жатса, жұмыстарын тоқтатып тастап, бірнеше күннен кейін қайта жаңғыртса болады", - деді ол.

Еске сала кетейік, арзан автонесие 2015 жылдың 20 сәуірінен бастап беріле бастаған болатын. Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бағасы 5,6 миллион теңгеге дейінгі қазақстандық автомобильдерге арналған. Жеңілдетілген автонесие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 4 пайызға тең, тиімді жылдық мөлшерлеме - 7,5 пайыз. Алдын ала төлем сомасы - 20 пайызға дейін. Несие мерзімі - 5 жылға дейін. Автолардың толық тізімін мына жерден көре аласыз.

Арзан автонесие беретін екінші деңгейлі банктердің тізімі:

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети