Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Жеңілдігі бар автонесие бағдарламасы бойынша қандай көлік алуға болады

20 Сәуір 2015, 15:30
1
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Қазақстанда отандық автомобильдерді жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламада екінші деңгейлі банк арқылы жеңілдігі бар автонесие алуға автомобильдің 55 түрі ұсынылған.

Арзан автонесиемен алуға болатын жеңіл автокөліктердің тізімі: Chevrolet Aveo; Chevrolet Captiva; Chevrolet Cruze; Chevrolet Malibu; Chevrolet Orlando; Chevrolet Tracker; KIA Carens; KIA Ceed; KIA Cerato; KIA Cadenza; KIA Optima; KIA Picanto; KIA Rio; KIA Carnival; KIA Sorento; KIA Soul; KIA Sportage; LADA 21214; Škoda Octavia; Škoda Rapid; Škoda Superb; Škoda Yeti; Hyundai Tucson; Hyundai Elantra; Hyundai Sonata; Hyundai SantaFe; Hyundai i-30; SsangYong Kyron; SsangYong New Actyon; SsangYong Actyon Sports; SsangYong Rexton; SsangYong Nomad; SsangYong C150; SsangYong Tivoli; JAC A20; JAC J4; JAC J5; JAC S3; JAC S5; JAC J6; JAC M5; Peugeot 408; Peugeot 301; Peugeot 508; Peugeot 3008; Peugeot 2008; Peugeot Partner VP Tepee; Geely CK; Geely GC 6; Geely MK-CROSS; Geely SC-7; Geely GC-7; Geely Emgrand E7; Geely Emgrand GX-7; ZAZ Chance.

Жеңілдігі бар автонесиені мына банктер арқылы алуға болады: "Қазақстан халық банкі" АҚ, "Еуразиялық банк" АҚ, "Сбербанк России" АҚ, "ForteBank" АҚ, "Банк ЦетрКредит" АҚ, "АТФ Банк" АҚ.

Еске салайық, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бағасы 5,6 миллион теңгеге дейінгі қазақстандық автомобильдерге арналған. Жеңілдетілген автонесие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 4 пайызға тең, тиімді жылдық мөлшерлеме - 7,5 пайыз. Алдын ала төлем сомасы - 20 пайызға дейін. Несие мерзімі - 5 жылға дейін.

"Бүгінде екінші деңгейлі банктердің орташа мөлшерлемесі - 19-20 пайыз. Сондықтан 7,5 пайыз - бұл бірегей жағдай. (...) Банктерге бұл тиімді ғой. Олар өздеріне мемлекеттің төмен бағамен берген ақшаны қояды. Нәтижесінде, бұл бағдарламамен олар тиімді клиенттерді алады", - деді Қазақстан автобизнесі ассоциациясының басшысы (ҚАБА) Андрей Лаврентьев.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай