Жыл басынан бері автокөлік жүргізушілері ақылы жолдармен 28 миллион рет жүріп өткен, - деп хабарлайды Tengri Auto.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, қазақстандық жүргізушілер арасында ең танымал бағыт - Алматы-Қонаев тасжолы. Жыл басынан бері бұл учаскеде 4,3 миллионнан аса көлік қозғалысы тіркелген.
Танымалдылығы бойынша одан кейінгі орындарда:
- Шымкент - Өзбекстан шекарасы - 3,7 миллион;
- Шымкент - Тараз - 2,5 миллион;
- Тараз - Қайнар - 2,1 миллион;
- Шымкент - Қызылорда - 1,8 миллион;
- Қонаев - Талдықорған - 1,4 миллион;
- Астана – Теміртау – 1,4 миллион;
- Астана – Щучинск – 1,3 миллион;
- Тараз қаласын айналып өту жолы - 1,03 миллион;
- Алматы - Қорғас - 1,005 миллион;
- Қостанай - Денисовка - 968 мың;
- Астана - Павлодар - 872 мың;
- Щучинск - Көкшетау - 818 мың;
- Көкшетау - Петропавл - 676 мың;
- Қызылорда - Арал - 667 мың;
- Балқаш – Бурылбайтал - 620 мың;
- Ақтөбе – Ресей шекарасы (Орынбор) – 532 мың;
- Павлодар – Семей – Қалбатау – 442,6 мың;
- Шу – Бурылбайтал – 354 мың;
- Қостанай – Ресей шекарасы (Троицк) – 343 мың;
- Қандыағаш – Мақат - 323 мың;
- Павлодар – Ресей шекарасы (Омбы) - 319 мың;
- Орал – Ресей шекарасы (Самара) - 255 мың;
- Орал – Ресей шекарасы (Саратов) - 213 мың;
- Үшарал – Достық – 133 мың;
- Бейнеу – Ақжігіт тасжолы (Өзбекстан шекарасы) – 59 мың.
Еске салайық, жүру ақысын төлемегені үшін жүргізушілерге 5 АЕК, ал заңды тұлғаларға - 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Бұл ретте берешек жойылып кетпейді және ол толық өтелгенге дейін автомобиль иесінің атында қала береді.
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ