22 маусым 2023 11:51

Қазақстанда ереже бұзған самокат жүргізушісі қалай жазаланады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев шлем, жүргізуші куәлігі және шағылыстыратын киімінсіз самокат тебетіндер қалай жазаланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев шлем, жүргізуші куәлігі және шағылыстыратын киімінсіз самокат тебетіндер қалай жазаланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін сенаторлар самокат туралы заң жобасын мақұлдады, оған сәйкес электрсамокат жүріс бөлігінің оң жақ шеткі жолағымен, соның ішінде бір қатардағы автобус жолағымен жүруіне рұқсат етіледі. Бұл ретте самокат жүргізушісі 18 жасқа толған болуы керек, ол шлем және шағылыстыратын киім киюуі керек, сондай-ақ кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс.

Сенат кулуарында журналистер самокат жүргізушісі ережелердің бірін бұзса, қандай жаза күтіп тұрғанын сұрады.

"Енді электрсамокат жүргізушілері екі бап бойынша: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін айыппұл, бұл - 620-бап, оған барлық басқа құқық бұзушылықтарда кіреді, 5 АЕК айыппұл", - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети