01 наурыз 2016 09:33

Қазақстандықтар тұңғыш рет Алғыс айту күнін тойлап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар бүгін, 1 наурызда тарихта тұңғыш рет Алғыс айту күнін тойлап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар бүгін, 1 наурызда тарихта тұңғыш рет Алғыс айту күнін тойлап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Барлық этностың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алды. Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын айтып берген еді. 

Осыған дейін 1 наурызда Қазақстан Президентінің Алғыс айту күніне арналған салтанатты шараларға қатысатыны хабарланған болатын. Сонымен қатар, бүгін Мемлекет басшысы Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, биылғы 15 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы жарлыққа өзгерістер енгізуге қол қойған болатын, осылайша елімізде екі жаңа мереке пайда болды - Алғыс айту күні және Геолог күні.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети