15 шілде 2022 14:15

Қазақстандықтарға көмірді уақытылы сатып алу ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта бюджеттік ұйымдар мен халық үшін көмір қажеттілігінің 2022-2023 жылдарға арналған жоспары қалыптастырылғаны айтылды. Оған сәйкес көмірді жалпы тұтыну көлемі шамамен 9,5 миллион тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға 2,8 миллион тонна қарастырылса, 6,7 миллион тонна көмір халыққа арналған.

"Жылыту маусымына дайындық жұмыстарын министрлік 2022 жылдың наурыздан бастады. Ал жергілікті атқарушы органдарға биылғы 15 шілдеден бастап көмірді дайындау жұмыстарын бастау ұсынылды. Сондай-ақ, алдағы қысқы маусымда көмір тапшылығын алдын алу мақсатында арнайы Жол картасы әзірленді. Бұл карта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдіктеріне жолданды", - деді ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов.

Жиынды қорытындылаған Қайырбек Өскенбаев жауапты тұлғаларға жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.97   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети