09 маусым 2015 15:21

ҚБТУ оқытушысы ақшаны "қызға айналған" жігітке емес, батыл жасөспірімге аударды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстандық экономист, ҚБТУ оқытушысы Олжас Құдайбергенов Батыс Қазақстан облысындағы Шаған өзеніне батып кете жаздаған екі қызды құтқарған Никита Тюкинге 200 мың теңге аударды. Бұл туралы Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осымен "қызға айналған" жігіттің оқиғасы аяқталды. Естеріңізде болса, мен бұл ақшаны екі сыныптасын (олар 7-ші сыныпта оқиды) өлімнен құтқарған Никита Тюкинге аударуға уәде берген едім. Ақша Никитаның анасы Ольга Тюкинаның шотына жіберілді. Анасы басында сенген жоқ. Бұл ақша Никитаның қажетіне жарайды деп сенемін", - деді Құдайбергенов.

Айта кетейік, осыған дейін Олжас Құдайбергенов ҰБТ үшін "қызға айналған" ҚБТУ студенті Аян Жәрдемов үшін айыппұлдың жартысын төлеуге дайын екенін хабарлаған болатын. Сонымен қатар, Құдайбергенов жігіт махаббат үшін емес, пайда табу мақсатында осындай қадамға барған болса, айыппұл төлеуден бас тартатынын айтты. Кейін Жәрдемовтің ҰБТ тапсырмақ болған түлекті танымайтыны анықталды. Ал оған емтиханға кір деп әлдебір таныстары өтініш жасаған екен.

"Оның әрекеті дұрыс болмады. Әр адам өзі үшін тапсыру керек. Бірақ мен бұл үшін дауласқан жоқпын, жазаны жеңілдету керектігін айттым. Дегенмен оның бұл іске не мақсатпен барғаны түсініксіз боп кетті. Сондықтан да ол тиісті жазасын алу керек. Оның мұндай қателік жібергені өкінішті. Менің пікіріме сеніп қалғандардан кешірім сұрағым келеді", - деді экономист.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети