25 ақпан 2016 11:33

ҚБТУ ректоры Алматы әкімінің қымбат көлік мінетін студенттер жайлы пікіріне қатысты ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚБТУ ғимараты. © fit-kbtu.kz ҚБТУ ғимараты. © fit-kbtu.kz

Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры Ескендір Бейсембетов Алматы әкімі Бауыржан Байбектің қымбат көлік мінетін студенттер жайлы пікіріне қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның пікірінше, жастар үшін қымбат көлік басты ұстаным болмауы керек.


Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры Ескендір Бейсембетов Алматы әкімі Бауыржан Байбектің қымбат көлік мінетін студенттер жайлы пікіріне қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның пікірінше, жастар үшін қымбат көлік басты ұстаным болмауы керек.

"Мен үшін ең бастысы, студенттеріміздің өз интеллекті мен ішкі әлемі молшылық атрибуттарымен салыстырғанда маңызды, айналамызда көмекке мұқтаждар көп, түлектеріміздің мақсаты - өз ақылымен және білімімен өзінің ғана емес, өзгелердің де жағдайын қамтамасыз ету", - деді ҚазҰТЗУ мен ҚБТУ ректоры Ескендір Бейсембетов.

Ал университет қызметкерлері ҚБТУ маңындағы барлық қымбат көлік студенттердікі емес дейді. Олардың мәліметінше, айналада ірі қаржы мекемелері мен әкімшілік ғимараттар бар, олардың қызметкерлері мен келушілері жоғары оқу орнының маңына көлік қояды. Сонымен қатар, мәліметтерінше, кешкі уақыттарда Алматының жастары келеді екен. 

Еске салайық, кеше Бауыржан Байбек халыққа есеп беру кездесуінде ҚБТУ ғимаратының алдына көліктерін қойып кететін студенттер жайлы пікір білдірген болатын. Оның айтуынша, дат сәулетшісі Ян Гейлдің концепциясына сәйкес, оқу ғимаратының алдындағы көліктерді алып тастайды екен.

"ҚБТУ алдында мыңдаған көлік тұр. Баламен де, балаарбамен де өту мүмкін емес. Неліктен бұдан қарапайым адамдар зардап шегуі керек? Мұнда да студенттер, бұл солардың көліктері. Қымбат көліктермен жүреді. Алып тастау керек! Велосипедпен немесе жаяу жүрсін. Кейін соған ақша тауып, сатып алсын. Мұнда жаяулардың жүруіне жағдай жасау керек. Ян Гейлдің құрылымдауы бойынша. Біз осы іспен айналысамыз", - деді Бауыржан Байбек халыққа есеп беру кездесуінде.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети