01 қараша 2022 12:12

Қостанайда 17 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ирина Сергушова. Фото: Қостанай облысы ПД Ирина Сергушова. Фото: Қостанай облысы ПД

Полицейлер Қостанайда жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қызды іздестіріп жатыр. Ирина Сергушова қазанның 29-ы бокспен айналысу үшін үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. 17 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы арызды қыздың анасы жазған - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Анасының айтуынша, Ирина шамамен екі апта бұрын жаттығуға бара бастаған.

"Қазіргі уақытта кешенді іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Жоғалған қыздың қайда екенін білетіндер болса, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуларын сұраймыз", - деп хабарлады Қостанай облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Іздеу жұмыстарына еріктілер де жұмылдырылған. Олар жоғалған қыз туралы ақпаратты әлеуметтік желіде таратты.

Ирина Сергушова еуропалық келбетте, бойы шамамен 170 сантиметр, орта денелі, көкшіл сұр көзді, қара шашты. Жоғалған күні оның үстінде қара күртеше, ақ кроссовка болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.97   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети