07 қыркүйек 2022 08:31

Қостанайда өрт басталғалы бері 2091 адам эвакуацияланды - ТЖМ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысындағы табиғи өрт бойынша соңғы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысындағы табиғи өрт бойынша соңғы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

7 қыркүйек сағат 08.00 бойынша жедел ақпаратқа сай елді  мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

"Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төрт аумақта (Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдары) қарауылдау ұйымдастырылды. Аздаған жауын жауғандықтан ауа ылғалдығы күшейді. Озерное, Лесное және Аманқарағай ауылдарында жағдай тұрақталды. Озерное, Аманқарағай ауылдарында тек локальды өрт ошақтарының бықсуы байқалады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, өрт басталғаннан бері барлығы 2091 адам эвакуацияланған (3 қыркүйекте Аманқарағай, Озерное және Лесное ауылдарынан - 1841 адам, 5 қыркүйекте Бағаналы ауылынан Қазанбасы ауылына - 250 адам).

Әулиекөл орта мектебінің (21 адам), Әулиекөл мектеп-интернатының (1 адам), Қазанбасы орта мектебінің (20 адам) эвакуациялау пунктінде 42 адам, оның ішінде 14 бала бар. Эвакуцияланғандардың негізгі бөлігі өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарының үйінде.

Өрттен барлығы 91 тұрғын үй зардап шекті: 85 үй Аманқарағай ауылында және 6 үй Озерное ауылында орналасқан.

Өртті сөндіруге құрамында 224 бірлік техника, 6 әуекемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамның 2193 адамы бар ТЖМ, ІІМ, ҰҰ, Қорғанысмині, ЖАО және облыстың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

"12 адам (7 тұрғын: кәмелеттік жасқа толмаған бір адам, орман шаруашылығының 1 қызметкері, әкімдіктің 1 қызметкері, ТЖМ 3 қызметкері) жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік, улану алды. 1935 жылы туған бір адам қаза тапты", - деп толықтырды ТЖМ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети