11 наурыз 2016 11:54

ҚР мемқызметінің реформасы: қонаққа шақыру сыбайлас жемқорлық болып санала ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің реформациялануы жөніндегі жобаның негізгі сарапшысы Максимилиан Федингер әлемдегі үздік тәжірибені қолдануда ҚР ерекшеліктерін есепке алу керек деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің реформациялануы жөніндегі жобаның негізгі сарапшысы Максимилиан Федингер әлемдегі үздік тәжірибені қолдануда ҚР ерекшеліктерін есепке алу керек деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен үнемі назар аударатын бір мәселе бар. Заңды құр көшіріп қоя салуға болмайды, себебі әр ел қайталанбас қасиеттері бар және есепке алынуы тиіс өз ерекшеліктері бар. Мәселен, Швецияны қарастырып көрсе, онда біреуді кофеге шақырса, бұл сыбайлас жемқорлық болып саналады. Алайда Австрияда біреуді кофеге шақырмасаңыз әдепсіз болып көрінуіңіз мүмкін. Дәл осы жағдай Қазақстанда да бар, мұнда біреуді асылған етке қонақ етпесеңіз оны жақтырмағандай көрінуіңіз мүмкін", - деді Федингер тілшілерге "Мемлекеттік қызметтегі заманауи тенденциялар мен реформалар" конференциясының үзілісінде.

"Біреудің тәжірибесін көшіріп ала салуға және бір елде оны қолдануға болмайды, барлық ерекшеліктерді есепке алып, заңнаманы қарастырғанда, елдің ерекшеліктеріне сәйкес келетін ең үздігін қабылдау керек", - деп мәлімдеді сарапшы.

Ол жобаның нәтижесі бойынша "Мемлекеттік қызмет туралы" жаңа заңның жасалғанын айтты.

"Жобамыздың аясында Еуропа елдеріне 25 оқу сапары ұйымдастырылды және біз ол жақтардан ең қажеттісін, ең жаңа үлгісін алып, оны Қазақстанда енгізуге тырыстық. Сонымен қатар, жобамыздың нәтижелердің бірі - антикоррупциялық заң, ол қазіргі барлық стандартқа сәйкес келеді әрі әлемдегі ең заманауилерінің бірі", - деп атап өтті Максимилиан Федингер.

Сарапшылардың жұмысы Қазақстандағы персоналдарды оқыту болды. 

"175 мемлекеттік қызметкеріне 25 оқу сапары ұйымдастырылды, әдетте мұндай жобаларда 3-4 қана оқу жаттығуы болады, қазақстандық мемқызметкерлердің тарапынан бұл қызығушылық тапты. Енді қазір Қазақстанда жүзеге асырылған концепттерді қарастырып көрсек, онда Еуропа елдерінде көш бастап тұрған барлық үздік тәжірибелердің, ең заманауи тәжірибелердің қолданылғанын көруге болады", - деді ол.

Сарапшы жобаның нәтижесі деп автоматтандырылған "Е-Кызмет" жүйесі болғанын айтып берді. 

"Кейбір елдерде осындай жүйені енгізу 15 жылдың бойында жүзеге асырылады, Голландияда бұл жүйені екінші талпыныстан кейін енгізуге мүмкін болды және мұның Австрияда қанша уақыт алғанын айтқым келіп тұрған жоқ, ал Қазақстанда сіздер оны екі жылдың ішінде енгіздіңіздер. Отыз жылдық жұмыс тәжірибемде мен мұндай жылдамдықты көрген емеспін", - деп қорытты сөзін Федингер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети