27 маусым 2023 18:00

Қызылорда облысында қыздар алаяқтықтың "интим" әдісін ойлап тапқан

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Жалған аккаунт арқылы ер адамдармен танысқан қыздар олардан ақша бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Жалған аккаунт арқылы ер адамдармен танысқан қыздар олардан ақша бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысында бір топ әйел ұсталды Полицияға ер-азамат арызданып, сәуірден бастап белгісіз әйелдер жеке сипаттағы суреттері мен хаттар үшін 500 мың теңге талап еткендігін айтқан.

ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен кешенді жедел – іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде облыстың үш тұрғыны ұсталған.

"Facebook-те жалған аккаунт құра отырып, бұл әйелдер әлеуметтік желілерде абыройға кір келтіретін мәліметтерді таратпау үшін ақы сұраған. Бопсалаушылардан барлығы 8 тұлға жапа шеккен. Заттай дәлелдеме ретінде бірнеше телефон, қолма-қол ақша және банк карталары тәркіленді. ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру басталды. Екі күдікті әйел УҰИ-ға қамалды, үшіншісіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, күдіктілердің осыған ұқсас деректерге қатыстылығы тексеріліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.97   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети