11 қаңтар 2022 14:52

Лаңкестер "Қазақтелеком" кеңселерін басып алмақ болған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақтелеком" компаниясының басшысы Қуанышбек Есекеев компаниялар тобы кеңсесін басып алу әрекеті туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақтелеком" компаниясының басшысы Қуанышбек Есекеев компаниялар тобы кеңсесін басып алу әрекеті туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматыда және басқа қалаларда орналасқан кеңселерге бұқаралық коммуникация құралдарын тартып алмақ болған заңсыз күштер шабуыл жасады. Біздің қызметкерлер лаңкестерге тойтарыс беріп, барлық жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті", - деп жазды Есекеев Facebook-парақшасында.

Оның айтуынша, мына кеңселерге шабуыл жасалған: негізгі байланыс орталығы орналасқан Алматыдағы технологиялық ғимарат, Алматы және Талдықорғандағы "Алматытелеком" өңірлік телекоммуникациялар дирекциясының ғимараттары, Алматы, Талдықорған, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы KCell және Tele2 кеңселері.

"Сонымен қатар ұялы байланыстың 50-ден аса базалық станциялары зақымданды, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Лаңкестердің компаниялар тобына келтірген шығынын бағалау 1 миллиард теңгеден асады.

Ең көп зардап шеккен Kcell компаниясы - Алматы мен Алматы облысында 6 Kcell дүкенін тонап кеткен. Сонымен қатар, компанияның екі үлкен кеңсесіне де шабуыл жасалды. "Қазақтелеком" әдеттегідей жұмысын жалғастырып жатыр", - деп түйіндеді сөзін компания басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети