04 маусым 2017 12:09

Мақсат Үсеновтің ұшақ бортында қандай заң бұзғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Air Astana әуе компаниясының өкілдері Мақсат Үсеновтің ұшақ бортындағы оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Air Astana әуе компаниясының өкілдері Мақсат Үсеновтің ұшақ бортындағы оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгін 00:46-да Алматыдан Бангкокқа "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшағы ұшып шықты, ұшақ КС 931 рейсін орындады. Бортта 70 жолаушы болды, оның ішінде азамат Үсенов те болды. Ұшу кезінде ол әуе кемесіндегі тәртіп ережелерін бірнеше рет бұзды. Осыған байланысты әуе компаниясының экипажы процедураға сәйкес Бангкок әуежайына қонған кезде сағат 8:30-да жолаушыны Тайландтың полицейлеріне өткізді", - деп хабарлады әуе компаниясындағылар. 

Сонымен қатар, компания өкілдері әуе кемесінде тәртіп ережелерін сақтамау және бортта шылым шегуге жол жоқ екенін айтты, себебі бұл әрекеттер ұшу кезінде қатер төндіріп, өзге жолаушыларға ыңғайсыздық туғызады. 

Еске салайық, осыған дейін Павел Коктышев Facebook желісінде Мақсат Үсеновтің борттағы орынсыз әрекеттері жайлы айтып берген еді. Ол оқиғаның видеосын жариялаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети