13 ақпан 2023 15:36

Мектептегі шабуыл: Петропавлда екі бала жансақтауда жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлдағы мектепте шабуылдан зардап шеккен екі балаға шұғыл ота жасалып, жансақтау бөліміне жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Петропавлдағы мектепте шабуылдан зардап шеккен екі балаға шұғыл ота жасалып, жансақтау бөліміне жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 13 ақпанда сағат 8:26-да жедел жәрдем Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына түрлі жарақат алған үш баланы жеткізген.

Зардап шеккендердің біріне алған жарақатының сипатын және стационарға жатқызу қажеттілігінің жоқтығын ескере отырып, жедел жәрдем бөлмесінде көмек көрсетілді, амбулаторлық ем тағайындалды.

"Екі зардап шегушіге шұғыл ем қажет болды, науқастар операция бөлмесіне жеткізілді, жараларды анестезиямен хирургиялық емдеу, бірқатар қажетті диагностикалық шаралар, мамандар кеңесі жүргізілді. Қазіргі уақытта екі баланың да жағдайы тұрақталды, науқастар жансақтау бөлімінде жатыр", - деді баспасөз қызметі тілшісіне.

Еске салайық, бүгін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттағаны хабарланған болатын.

Оқиға таңертең №4 мектепте болған. Қала әкімдігінің мәліметінше, екі бала балалар ауруханасында жатыр. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети