23 тамыз 2022 12:29

Министр ет бағасына қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев Қазақстанда ет бағасының өсуіне ешқандай негіз жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев Қазақстанда ет бағасының өсуіне ешқандай негіз жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мал басы өсіп жатыр. Шетелге экспорттау көлемі де артып келеді. Сондықтан жағдай тұрақты. Жанар-жағармайдан бастап, барлық қажетті заттардың бағасы өскеніне байланысты ет бағасы да біршама көтерілуі мүмкін", - деп жауап берді Қарашүкеев.

Министрдің айтуынша, мал шаруашылығының рентабельділік деңгейі біркелкі сақталуы керек.

"Егер олар шығынға ұшыраса, ертең ет бағасы да, көлемі де болмайды. Бағаны болжау қиын. Бағаны болжаған кезде біз бірнеше факторларды ескеруіміз керек. Бірінші фактор - мал басы. Мал басы тұрақты өсіп жатыр. Екінші мәселе - қаржыландыру", - деп түйіндеді Ауыл шаруашылығы министрі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети