11 сәуір 2023 12:29

Министрлік жаңаөзендік жұмысшыларға қатысты шешімді жақында жариялайды - Сәтқалиев

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Астанаға жиналған жаңаөзендік жұмысшылардың талаптары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Астанаға жиналған жаңаөзендік жұмысшылардың талаптары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында журналистер министрден кешеден бері Астанада Энергетика министрлігі ғимаратының алдына жиналған жаңаөзендік жұмысшылармен келіссөзге неге жеке шықпағанын сұрады.

Министр кеше наразылыққа шыққандардың нақты талаптары болмағанын айтты.

Оның сөзінше, көтерілген бірнеше талаптың ішінде "ӨзенМұнайГаз" кәсіпорнына жұмысқа тұрғызып беру және бұған дейін өткен тендердің күшін жою талаптары қойылған.

"Жалпы, олармен диалог ұйымдастырылды. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері болды. Энергетика министрлігінің департамент директорлары болды. Олар диалогке кіріскен жоқ, бірақ сол маңда ахуалды бақылап, адамдармен сөйлесті, талаптарын нақтылады. Қазір біз ресми ұстаным әзірлеп жатырмыз", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Министр бүгін наразылық білдірушілердің талаптары нақтылана түскенін айтады.

"Әңгіме бұрын "Өзенмұнайгаз" өткізген тендердің күшін жою туралы болып жатыр. Бұл мәселені заң аясында шешу керек.

Алайда, маған белгілі болғандай, "Самұрық-Қазына" қоры аталған тендерлік рәсімдердің дұрыстығына талдау жүргізіп, тендер қолданыстағы ережелерге сәйкес өтті деген қорытындыға келген", - деп түсіндірді Сәтқалиев.

Министр жергілікті жерде әкімдік өкілдерінің қатысуымен алдын ала келіссөздер ұйымдастырылғанын айтты.

Сәтқалиевтің айтуынша, "Өзенмұнайгаздың" өзінің әлеуметтік жауапкершілік мәселесі бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети