11 наурыз 2016 18:20

Мүсінші Астанадағы "Ғашықтар" мүсінінің неліктен эротикалық болып шыққанын түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астананың Суретшілер одағының төрағасы Тоқтар Ермеков "Ғашықтар" мүсінінің неліктен эротикалық болып шыққанын мүсінші түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астананың Суретшілер одағының төрағасы Тоқтар Ермеков "Ғашықтар" мүсінінің неліктен эротикалық болып шыққанын мүсінші түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астананың орталығындағы Ғашықтар саябағында орналасқан "Ғашықтар" немесе "Бақытым менің" композициясына елорда тұрғындары екіұшты пікір айтқан еді. Ол 2005 жылдың 10 маусымында орнатылған болатын. Бүгін елорда тұрғыны Бақытжан Бермағамбет Yvision.kz сайтындағы блогында өз ойынша ашық киінген қыздың образына қатысты мәселені тағы да бір көтерді. "Қос бұрымды қыздың нәзіктік пен әйелге тән образды білдіретінін білсек те, оның тым ашық киімде тұрғаны көңілімізді түсіріп тастады, оның бар тәні ашық, тіпті емшегінің үрпісі де көрініп тұр. Кіндігі көрінген қазақ қызының көпшілік алдында көрінуін қаламаймыз. Одан эротиканың емес, сыпайылық пен пәктіктің белгісі көрінсе деп едік", - деп жазды Бақытжан.

"Шетелдіктер немесе еліміздің өңірлерінен келгендер елордамыздың мәдени орындарын аралағанда не айтады?", - дейді ол.

Суретшілер одағының төрағасы, қазақстандық мүсінші Тоқтар Ермековтің айтуынша, бұл композицияда қолданылған әдіс ертеден белгілі. Ол композиция авторын жақсы мүсінші әрі маман ретінде, өз ісін білетін адам ретінде білетінін айтып берді. 

"Ол қолданған әдісті ежелгі гректер де адамзат тәнінің сұлулығын көрсету үшін қолданған. Олар модельге дымқыл киім кігізген. Сонда керемет қыртыстары көрініп, адам тәнінің тірі келбеті көрінді. Ол осы әдісті қолданды. Ал жабық киім кигізсе, қызық емес әрі скульптуралық мәні болмай қалады", - деді Ермеков.

Ол композициядағы қыздың нәзіктікті көрсетіп тұрғанын айтты. "Олардың көріп қалғаны киімнің денеге жабысып, оның пішінін қайталап тұрғаны. Меніңше, мұндай сын негізсіз. Шетелде бұдан да артық жұмыстар кездеседі, бізде ондай мүсіндерді қойғызбас еді. Онда мұсылман елдеріндегілей болсын, адам салуға тіпті де тыйым салайық", - деді мүсінші.


© Тұрар Қазанғапов

 "Мұндай әдіс скульптуралық бөлігін көрсету үшін, архитектоника үшін қолданылады (...). Ол жалаңаш тұрған жоқ қой. Біз шетелде толықтай жалаңаш тұрған мүсіндерді көреміз ғой, бұл ешкімді таңғалдырып, есеңгіретпейді ғой", - деді Суретшілер одағының төрағасы.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети