07 ақпан 2017 12:40

Наурыз айында қазақстандық жаңа киноарна іске қосылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© cbc.ca © cbc.ca

2017 жылдың наурыз айында қазақстандық жаңа "Ел Арна" киноарнасы іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2017 жылдың наурыз айында қазақстандық жаңа "Ел Арна" киноарнасы іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қымбатты достар! Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында біз жаңа телеарнаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Отандық режиссерлердің көркем және деректі фильмдерін, сериалдарын енді "Ел Арна" деп аталатын осы жаңа арнадан тамашалай аласыздар. Соңғы жылдары өзіміздің режиссерлер түсірген төл туындылардың көбейіп келе жатқаны аян. Біздің мақсатымыз - сол фильмдердің көрерменге барынша қолжетімді болуына, оларға сұраныстың ұлғаюына негіз салу. Осы арқылы қазақстандық киноөнімдердің саны мен сапасының артуына қолдау көрсету", - деп жазды ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Facebook желісінде.

Министрдің айтуынша, киноарна кестесінде трансляция мен бағдарламалар қарастырылмаған.

Еске сала кетейік, "Ел Арна" телеарнасы 2014 жылдың 18 наурызынан бастап жұмысын тоқтатқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети