Дәурен Абаев телеарналарға көрермендердің наразылығын жеткізді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық телеарналардағы журналистердің кәсіби деңгейінің төмендігі тұрғындардың наразылығын туғызады. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, - деді Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық телеарналардағы журналистердің кәсіби деңгейінің төмендігі тұрғындардың наразылығын туғызады. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, - деді Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз жүргізген әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша, жарнаманың көптігі, өңірлік контенттің жоқтығы, Қазақстан туралы танымдық бағдарламалардың аздығы және қазақстандық телеарналардағы журналистердің кәсіби деңгейінің төмендігі тұрғындардың наразылығын туғызады екен. Біздің телеарналарға осы мәселелер туралы ойлану қажет және көрерменді тарту үшін қажетті шаралар жүргізуі тиіс", - деді Дәурен Абаев кеңейтілген алқа отырысында. 

Осы мәселелерді шешу үшін министр сериал негізінде толықметраж картиналар түсіріп, қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыру үшін KPI жүйесін енгізуді және мемлекеттік радиоарналар мен елдің шекаралас жерінде орналасқан елді мекендерде көрсетілімді таратуды қолға алуды тапсырды. 

"Биыл цифрлық эфир телекөрсетілімді қосу мақсатында 244 радиотелеарна станциялары қосылады. Жыл соңына дейін Қазақстанның кейбір облыстарында цифрлық тарату жүйесі іске қосылады", - деді министр. 

Еске салайық, 2017 жылдың наурыз айында қазақстандық жаңа "Ел Арна" киноарнасы іске қосылады. Отандық режиссерлердің көркем және деректі фильмдерін, сериалдарын енді "Ел Арна" деп аталатын осы жаңа арнадан тамашалай аласыздар. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.11  course up  602.7  course up  6.62  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer