Бішкек әуежайында төтенше жағдай болды: видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкек әуежайында төтенше жағдай болды: видео

Бішкектегі "Манас" халықаралық әуежайында TezJet әуекомпаниясының жолаушылар ұшағына қатысты оқыс оқиға болды. Әуе кемесі бүйіріне қисайған, деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі Kaktus.mediaға сілтеме жасап.


Оқиға туралы куәгерлер хабарлады. Ақпаратты "Қырғызстан әуежайлары" ААҚ растады.

Басылым мәліметінше, бастапқыда ұшақ Жалал-Абадтан Бішкекке ұшып келгені хабарланған. Алайда куәгерлердің айтуынша, әуе кемесі Бішкек – Ош рейсін орындауға дайындалып жатқан және ұшу кезінде бүйіріне қисайып қалған.

Оқиғадан кейін жолаушылар апатты трап арқылы эвакуацияланды. Алдын ала мәлімет бойынша, ауыр жарақат алғандар жоқ. Кейбір жолаушылар жеңіл жарақаттар алып, денелері сырылғаны хабарланды.

Сондай-ақ басылым оқиға орнынан түсірілген кадрларды жариялады. Онда қонғаннан кейін әуе кемесі қисайып, әуежай аумағында бүйірімен жатқаны көрінеді.

"Манас" әуежайы мәліметінше, ұшақтың алдыңғы шассиінде ақау шыққан. Оқиғадан кейін әуе кемесі ұшуға арналған жолақта қалды.

Оқиғаға байланысты әуежай жұмысы уақытша шектелді. Жергілікті уақыт бойынша сағат 16:35-тегі жағдайға сәйкес, барлық рейс тоқтатылды.

;