24 желтоқсан 2018 12:23

Назарбаев Индонезия президентіне көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© SalamNews © SalamNews

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Индонезияның Зонд бұғазы жағалауындағы цунами салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қаза болғандардың туған-туысқандарына және бүкіл Индонезия халқына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - делінген жеделхатта.

22 желтоқсанда Индонезияның батысындағы Зонд бұғазының жағажайын цунами шайды. Ол Анак-Кракатау аралында жанартау атқылауының салдарынан болған.

Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан 222 адам қайтыс болған. 843 адам зардап шеккен және 28 тұрғын із-түссіз жоғалған. Толқын жүздеген үй, ғимарат, көлік жолдары мен инфрақұрылымдарды қиратты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети