07 қыркүйек 2015 17:14

Назарбаев қазақстандықтарды теңге бағамының өзгеруіне түсіністікпен қарауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды теңге бағамының өзгеруіне түсіністікпен қарауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген кезінде айтты. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды теңге бағамының өзгеруіне түсіністікпен қарауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген кезінде айтты. 

"Нағыз бәсекелестік жүріп жатыр, ғаламшардағы барлық өндірушінің арасындағы шайқас. Ал бәсекелестікке валюта бағамы әсер етеді. Әзірше біз қанша жоғалтсақ, сонша өндірдік. Мұны адамдардың өздері түсінгені жақсы. Егер валюталар бағамына келетін болсақ - бұл шетел валюталарымен айналысатындарға әсер етеді: импорт пен экспорт. Ал Қазақстан ішінде теңге болған және болады да. Доллар бағамының қандай екенінің бізге не қатысы бар, дұрыс па? Тауар қанша теңге тұрса, алдап сату болмаған жағдайда сонша болып қалады. Мұны да түсіну керек. Біз Қазақстанда теңгемен өмір сүреміз. Теңгеге киім алып, теңгеге тамақтанамыз", - деді Мемлекет басшысы.

Президент осы мәселе төңірегінде айта келіп, таяуда ғана Қазақстаннан адамдардың Ресейге жаппай арзан тауар сатып алуға ағылғанын және мұның отандық тауар өндірушілерге әсер еткенін еске салды. 

"Ресейде бағам арзандап еді, барлығы сонда жүгірді. Ал, сатып алды делік, біз күттік. Көліктерді сатып алды. (...) 80 мың көлік сатып әкелді. Ал біздегі автомобиль зауыттары тұрып қалды. Олар өндірген көліктерін қоймаға қойды. Тіпті ауыл шаруашылығы өнімі де сол жақтан әкеліне бастады. Сондықтан бұл мемлекеттің айналамыздағы экономикалық жағдайды қалыпты қабылдағаны", - деп қосты Мемлекет басшысы. 

Осы тақырыпты аяқтай отырып, Президент бүгін қоғам мен шаруашылықтың дамудың жаңа сатысына шыққанын атап өтті. "Бұған біз әдеттенуіміз керек. Сондықтан осы күрделі жағдайда ауыл шаруашылығына көмектесуді жалғастырамыз", - деп қорытындылады Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети