03 мамыр 2020 11:28

Нұр-Сұлтанда әртүрлі тұрғын үй кешенінің 4 кіреберісі карантинге жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ia-centr.ru Фото: ia-centr.ru

Елордада әртүрлі тұрғын үй кешеніндегі 4 кіреберіс карантинге жабылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елордада әртүрлі тұрғын үй кешеніндегі 4 кіреберіс карантинге жабылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2 мамыр күні әртүрлі тұрғын үй кешеніндегі 4 кіреберіс карантинге жабылды. Оның ішінде "Номад" тұрғын кешені де бар. Кіреберістерде дезинфекция жүргізілді. Тұрғындарға үйлерінен шығуға тыйым салынды. Олар үйдегі карантинде отыруы тиіс. Сондай-ақ бұл кіреберістерге басқа адамдардың келуіне тыйым салынады", - дейді әкімдік қызметкерлері.

Қазіргі таңда бұл аумақты полиция қызметкерлері бақылауға алған әрі мұнда ескерту белгілері қойылыпты.

"Кіреберістер карантинге қалалық санитар дәрігердің қаулысы бойынша жабылады. Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалды", - дейді әкімдік қызметкерлері.

Елорда әкімдігінің мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда тұрғын үй кешендеріндегі 21 кіреберіс карантинге жабылған.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3877-ге жетті.

Нұр-Сұлтанда қауіпті індетті жұқтырудың 682 дерегі тіркелді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети