25 қараша 2020 15:28

Нұр-Сұлтанда газ баллоны қолданылатын дәмханалар жоспардан тыс тексеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда ведомствоаралық комиссия газ баллондары қолданылатын тамақтану орындарын жоспардан тыс тексеру бойынша жұмысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап. 


Нұр-Сұлтанда ведомствоаралық комиссия газ баллондары қолданылатын тамақтану орындарын жоспардан тыс тексеру бойынша жұмысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап. 

Еске салайық, 21 қарашада Нұр-Сұлтандағы дәмхананың бірінде газ баллоны жарылып, 30-дан аса адам жарақат алды, екі адам қаза тапқан болатын. Нұр-Сұлтан әкімдігі қоғамдық тамақтану орындарын жоспардан тыс тексеруді бастады. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Төтенше жағдайлар департаменті, Ішкі істер министрлігі, тұрғын үй инспекциясы, әкімдік, өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы кіреді. Комиссияны әкім орынбасары Бақтияр Мәкен басқарады.

"Мемлекет кәсіпкерлерді қолдау үшін барлық жағдайларды жасайды, тексерулерге мораторий жарияланды. Біз кәсіпкерлерімізге сенеміз. ШОБ нысандары өз кезегінде барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Адам өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмеуі керек. Өткен аптада болған оқиғаны ескере отырып, мобильді топ жоспардан тыс тексерулерге барып, қосымша нұсқаулар береді. Егер заң бұзушылықтар анықталса, меншік иелеріне айыппұл және одан да қатал жаза қолданылады", - деді жұмыс тобының мүшесі, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысы Ерлан Бекмырзаев.

Жиында қолданыстағы баллондарды кем дегенде 5 жылда бір рет қарап, куәландыру керек екені айтылды.

Коррозиялық газдармен толтыруға арналған баллондар (хлор, метилхлорид, фосген, күкіртті сутек, күкірт диоксиді, хлорсутек және басқалары), сондай-ақ автомобильдер мен басқа да көлік құралдары үшін отын ретінде қолданылатын сығылған және сұйытылған газдарға арналған баллондар кем дегенде 2 жылда бір рет тексерілуі тиіс.

"Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңға сәйкес, сұйылтылған мұнай газын екі қабаттан жоғары көп қабатты тұрғын үйлердегі тұрмыстық баллондарда сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.

Газ тұтынатын жүйелер мен газ жабдықтарының иелері олардың тиіс техникалық жағдайы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети