21 маусым 2021 12:28

"Оқырман түсінбейді". Қаржы министрлігі БАҚ-тағы жауабы үшін сын естіді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова Қаржы министрлігі аудит кезінде салық және кеден мәселелері бойынша ескертулерді түсіндіре алмағанын, бірақ БАҚ-қа жауап беруді ұйғарғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова Қаржы министрлігі аудит кезінде салық және кеден мәселелері бойынша ескертулерді түсіндіре алмағанын, бірақ БАҚ-қа жауап беруді ұйғарғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Салықтық әкімшілендіру бойынша резервтер бар. Салықтық тексерулер нәтижесіндегі сапалы өзгерістерді, кедендік статистикадағы айырмашылықтың өзгергенін де көрген жоқпыз. Артық төлемдер бойынша да сұрақтар шешілген жоқ. (...)

Бұл ретте уәкілетті мемлекеттік орган аудитке де, Мәжіліс пен Сенат комитеттерінің жұмыс топтары мен отырыстарында да ескертулерді түсіндіре алмады. Бірақ мәселенің күрделігіне және кәсіби детальдарды оқырман түсінбейтініне сеніп, баспасөзге жауап беруді қажет деп ұйғарыпты. Бірақ, өкінішке қарай, кемшіліктер мен заңбұзушылықтар жойылып кеткен жоқ. Заңға сәйкес олардың барлығы аудиторлық дәлелдермен расталған", - деді Наталья Годунова Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Есеп комитеті басшысының айтуынша, кемшіліктер мен заңбұзушылық деректері Заңға сәйкес аудиторлық дәлелдермен расталған.

"Есеп ашықтығын арттыру және бизнеске мемлекеттік көмек тетігін қайта қарау арқылы саясатты реформалау қажет. Тиімсіз салықтық жеңілдіктерді ауыстыру және оларды жүйелеу, көлеңкелі экономикаға және салық міндеттемелерін орындаудан жалтаруға қарсы дәйекті күрес арқылы салықтық базаны кеңейту жөнінде шаралар қабылдау қажет. Есеп комитеті бірнеше рет бюджеттік тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді тұрақтылығы құжатын әзірлеу мәселесіне назар аударды. Мұндай құжат болуы тиіс", - деді Наталья Годунова.

Бұған дейін Қаржы министрлігі Есеп комитетінің есебінде айтылған заңбұзушылықтар өңірлердегі тексеру комиссияларының тиімділік аудитін қамтуды едәуір кеңейтуге байланысты екенін мәлімдеді. Нәтижесінде, министрлік деректері бойынша, жергілікті атқарушы органдардың 2020 жылы 296 миллиард теңге сомасына қаражатты тиімсіз жұмсау дерегі анықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети