22 маусым 2023 12:47

Полиция самокат жылдамдығын бақылай алмайтынын мойындады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев тәртіп сақшылары самокат тебетіндердің жолдағы жылдамдығын қалай бақыламақ деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев тәртіп сақшылары самокат тебетіндердің жолдағы жылдамдығын қалай бақыламақ деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Самокат жылдамдығын қалай бақылайсыздар, өйткені камералар барлық жерде орнатылмаған?" – деп сұрады журналистер Сенат кулуарында Сұлтанбаевтан.

Өз кезегінде ӘПК төрағасы мойындады: полицейлердің самокат жылдамдығын анықтау мүмкіндігі жоқ. Ал жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда сот-медициналық сараптама қажет болады.

"Мен мұны жасырмаймын. Ашығын айтайын. Бүгінде полицейлердің самокат жылдамдығын анықтайтын ондай техникалық мүмкіндігі іс жүзінде жоқ. Егер қандай да бір апат болса, оның жылдамдығын сырғанау жолы мен тежеу ​​қашықтығы және т.б. бойынша есептеуге техникалық мүмкіндігіміз бар. Арнайы сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның қорытындысы бойынша кінәсі дәлелденеді. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына қарай тәртіп бұзушыны жауапкершілікке тартамыз. Әзірше осылай болады. Бұл бастамасы ғана. Алдағы уақытта бақылау мәселелерін қарастырамыз", - деп түсіндірді Қайсар Сұлтанбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети