27 қазан 2022 13:00

Сенатор Мемлекеттік аудит комитетінің жұмысын сынға алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенатор Андрей Лукин Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің жұмысын, атап айтқанда, тиімсіз және нәтижесіз тексеру жүргізіп жатқанын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенатор Андрей Лукин Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің жұмысын, атап айтқанда, тиімсіз және нәтижесіз тексеру жүргізіп жатқанын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысында Андрей Лукин Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына Мемлекеттік аудит комитеті жұмысының сапасы туралы депутаттық сауал жолдады. Сенатордың айтуынша, аудиторлар бір түрдегі және жылдан-жылға қайталанатын заң бұзушылықтарды тіркейді.

"Атап айтқанда, жоспарланған 82 шараның 28-і немесе 34 пайыздан астамы жылдық тізімге негізсіз енгізілген болып шықты. Соған қарағанда, тексерілген жекелеген министрліктерде ешқандай қауіп деңгейі жоқ. Жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауының салдарынан бірқатар тексерудің нәтижесі төмен әрі тиімсіз болып шықты", - деп атап өтті Андрей Лукин.

Сенатор сонымен қатар камералық бақылау жүргізу мәселесін көтерді. Сенатордың ақпараты бойынша аумақтық департаменттер бақылаудың бұл түрін жүргізген жоқ, дегенмен жалпы сомасы 300 миллиард теңгеден астам 3 мыңнан жоғары мемлекеттік сатып алу рәсімі болуы тиіс еді. Тіпті өткізілген жағдайларда да, шенеуніктер көбінесе шартты жеңілдіктерді өздері есептейді, яғни шешім тексерушінің субъективті пікіріне байланысты болады. Сонымен қатар аудиторлар жекелеген жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылықтардың айқын белгілері болған кезде материалдарды құқық қорғау органдарына жібермейді және әкімшілік ықпал ету шараларын қолданбайды.

Сенатор осыған байланысты аудиторлардың жұмысын жақсарту мен бюджет қаржысын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор активтерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.

"Тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемдері мен мемлекеттік аудит объектілерін іріктеу тәртібін қайта қарауды, салалық бұйрықтарды  орындалудағы міндеттілік жөніндегі талаптарды қатаң сақтауды, камералық бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама ережелерін біркелкі қолданудың әдіснамалық негізін әзірлеуді, шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерді шығару және жою процесіндегі адами факторды ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде алып тастауды ұсынамын", - деді сенатор.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети