24 маусым 2021 11:08

Сенатта Жоғарғы Сот судьялары сайланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Сенат депутаттары Жоғарғы Соттың үш жаңа судьясының кандидатурасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат депутаттары Жоғарғы Соттың үш жаңа судьясының кандидатурасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғарғы Соттың судьялары болып Герман Нұрбаев, Ербол Өмірәлиев және Дана Тоқмұрзина сайланды.

Сенат отырысында Жоғарғы Сот Кеңесінің басшысы Денис Шипп судьялыққа кандидаттарды қарау туралы ұсынысты Қасым-Жомарт Тоқаев енгізгенін айтты.

"Еліміздің судьялар қауымдастығын нығайту мақсатында корпоративтік заң секторының кадрлары ретінде Герман Нұрбаев пен Дана Тоқмұрзинаның кандидатурасы ұсынылды. Герман Нұрбаев заң жұмысында мол тәжірибесі бар және инвестициялық жобаларды басқару, кәсіпкерлік құқық, сондай-ақ монополия және реттелетін жер қойнауын пайдалану және энергиямен жабдықтау нарықтары саласындағы заңнама бойынша маман саналады. Дана Тоқмұрзина заң ғылымдарының кандидаты, салық, кеден, сондай-ақ кәсіпкерлік құқық саласындағы маман. Ербол Өмірәлиев мемлекеттік заң секторының өкілі, жалпы заң өтілі - 25 жыл, оның ішінде 15 жыл мемлекеттік қызметте, сондай-ақ ұлттық холдингтер мен квазимемлекеттік компанияларда 10 жыл жұмыс тәжірибесі бар", - деді Денис Шипп.

Оның айтуынша, ұсынылған үміткерлер еліміздің құқықтық қоғамдастығында үлкен беделге ие және Жоғарғы Сот судьяларының жауапты жұмысына дайын.

Депутаттар Жоғарғы Сот судьялары кандидатурасына дауыс берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети