27 тамыз 2015 17:27

Шымкенттің жаңа әкімі мектептерде жиі жүргізілетін тексерістер проблемасын шешуге уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Twitter.com © Twitter.com

Шымкенттің жаңа әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мектептерде жиі жүргізілетін тексерістер проблемасын шешуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкенттің жаңа әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мектептерде жиі жүргізілетін тексерістер проблемасын шешуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ғабидолла Әбдірахымов қала әкімдігінің бірінші кеңейтілген отырысын өткізді, жиында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары мен жылыту кезеңінің мәселелері талқыланды. Отырыста мектеп басшылары прокуратураның тарапынан тексерістің көп болатынын, бұл мұғалімдердің жұмыс істеуіне кедергі келтіретінін айтты.

Әбдірахымов бұл мәселені жеке бақылауына алатынын жеткізді. "Шынымен де тексеріс тым көп. Оларды доғару керек. Прокурормен сөйлесемін. Мектептерде прокурор айналысатын іс жоқ, олар қылмыскерлермен айналыссын. Сондықтан да бұл мәселені шешу керек, мұнымен өзім айналысамын", - деді әкім жиналыс барысында.

Еске сала кетейік, Президент Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары 19 тамызда Шымкент әкімі болып тағайындалған еді. Ғабибулла Әбдрахманов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша бітіріп, мемлекеттік басқарманың неміс жоғары мектебін аяқтады, "Болашақ" бағдарламасы бойынша, мемлекеттік әкімшілік магистрі. Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерін біледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети