25 маусым 2018 16:32

Скриптониттің туған жерінде жол жөндеу жұмыстарының соңы жанжалға ұласты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан алынған кадр видеодан алынған кадр

Жөндеу жолдарының сапасына көңілі толмаған атақты рэпер Скриптониттың (Әділ Жалеловтың) жерлестері  асфальт төсеушілерге жол бермей, жұмыстарына бөгет жасады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жөндеу жолдарының сапасына көңілі толмаған атақты рэпер Скриптониттың (Әділ Жалеловтың) жерлестері  асфальт төсеушілерге жол бермей, жұмыстарына бөгет жасады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодардағы Ленин ауылдық округінің тұрғындары жергілікті көшелердің біреуін асфальтпен қамтамасыз етуге арналған конкурсты жеңіп алған мердігердің жұқа тас қабатына асфальт төсегеніне наразылық білдірді. Тұрғындардың айтуынша, олар тіпті құмға төсеген. 

Жергілікті әкім де кеткен қателіктерді көріп, мойындады. Қала маңындағы ауыл әкімі мердігерден жұмысын тоқтатуды талап етті. Бастапқыда қызметкерлер биліктің талаптарын орындады, бірақ кейіннен жұмысын қайта жалғастырды, делінген хабарламада. Асфальтты төсеуді тоқтату үшін тұрғындардың бірі өз көлігін техниканың алдына қойып қоюға мәжбүр болды. Салдарынан асфальт төсеу жұмысы жергілікті тұрғындар мен шарт фирмасының өкілдері арасындағы төбелеске айналуға аз қалды. Жұмыс тек полиция қызметкерлеріне хабарлағаннан кейін тоқтататылған. 

Қала маңындағы ауылдың әкімі оқиғаның Мәметова көшесінің бойында болғанын айтты. "Мердігер ағымдағы жөндеу жұмыстарын жеті миллион теңгеге аяқтап, асфальтті 650 метрге дейін төсеу керек еді" , -  деді ол. 

"Сенбі күні біз мердігер фирманы асфальтты бір жолға кем төсеп қойғаны жайлы ескерту жасадық. Төселген асфальт 15 сантиметр болуы керек, ал төселегені жартысынан аз. Жұмысты дұрыс жасамайынша, тоқтатуды талап еттік. Мердігер де келісті. Бірақ бір қызығы 24 маусым, жексенбі күні мердігер қайта жұмысқа кірісіп кетіпті. Наразылық білдірген жергілікті тұрғындар оның техникасын тоқтатып тастады. Олар кете салысымен мердігер қайта жұмысын бастапты. Жеке өзім полиция қызметкеріне қоңырау шалып, ары-қарай жұмыс жалғаса алмайтынын, бөлініп жатқан ақша мемлекеттікі екенін айтып түсіндірдім" , - деді Ленин ауылдық округінің әкімі Дәулет Тайғұлұлы. 

Қазіргі кезде ауыл округінің әкімі мердігерлер фирмасының үстінен шағым түсірді. "Мердігер жіберілген қателіктерді түземесе, сотқа береміз" , - деді ол. 

Өз кезегінде жергілікті тұрғындар Павлодардағы прокуратураға болған оқиғаны жедел түрде қарастыру жайлы хат дайындап қойған.

Еске сала кетейік, осыған дейін рэп орындаушысы Скриптонит Павлодардағы билік өкілдерін жолдың сапасыз екенін айтып, сынаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети