06 қаңтар 2022 02:43

Су мен электр қуатын тоқтату жоспарда жоқ - Алматы әкімдігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Алматыда электр қуаты мен су беру тоқтауы мүмкін деген ақпарат тарады. Қала әкімдігі жағдайға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде Алматыда электр қуаты мен су беру тоқтауы мүмкін деген ақпарат тарады. Қала әкімдігі жағдайға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарламада бұған "қалалық су арнасына шабуыл жасалғаны" себеп болуы мүмкін екені айтылады.

Әкімдік электр мен су тоқтайтыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады. 

"Алматы қаласындағы суық сумен қамту және су тарту нысандары қалыпты жұмыс істеп жатыр. Суық су және электр жарығы үзіліссіз қамтамасыз етіледі, су мен электр қуатын тоқтату жоспарда жоқ", - деді әкімдік өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети