21 сәуір 2022 09:18

Таразда алып нәресте дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: pixabay Иллюстрациялық фото: pixabay

Тараздағы перзентханада салмағы 5 келі, бойы 62 сантиметр қыз бала дүниеге келді. Бұл туралы Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тараздағы перзентханада салмағы 5 келі, бойы 62 сантиметр қыз бала дүниеге келді. Бұл туралы Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

19 сәуірде сағат 09:45-те Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығының қабылдау бөліміне толғағы қысқан жүкті әйел түскен. Дәрігерлердің қарап-тексеруінен кейін бірден консилиум ұйымдастырылып, онда босандыру әдісі туралы мәселе шешілген.

"Шарана анасының құрсағына басымен емес, жамбас ұшымен, яғни бөкселермен келген және басқа да зерттеулерге қарағанда нәрестенің салмағы әдеттегіден үлкен көрініп тұрды. Мамандардың айтуынша, кейде анасының құрсағына жамбаспен келген үлкен салмақты балалар табиғи жолмен туады және бәрі жақсы болады. Бірақ бұл жағдайда қиындық тудырғаны - ұрықтың үлкен салмағы мен ананың метаболикалық синдромы. Ана мен бала амандығын қамтамасыз ету үшін дәрігерлер шұғыл түрде кесар тілігі арқылы босандыру туралы шешім шығарды", - деді басқарма өкілдері.

Сағат 10:46-да салмағы 5 келі және бойы 62 сантиметр болатын қыз бала дүниеге келген. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай нәрестелер "алып" деп аталады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @densaulyk.zhambyl

Алып баланы дүниеге әкелген анаға хирургиялық жолмен кесар тілігін  жасап, сәбиді аман-есен шығарған дәрігерлер Бағдат Нұрмахан мен қабылдау бөлімінің меңгерушісі Ақерке Тоқбергенованың айтуынша, ауыр салмақты нәресте дүниеге келген - қалыпты жағдай. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети