03 сәуір 2023 09:59

Теміртауда бірнеше мектепке "бомба қойған" күдікті іздестіріліп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының полицейлері Теміртаудың бірнеше мектебіне жарылғыш зат бар деп хабарлаған белгісіз ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысының полицейлері Теміртаудың бірнеше мектебіне жарылғыш зат бар деп хабарлаған белгісіз ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түнде Теміртау полициясына қаладағы бірнеше мектепке бомба қойылды деген ақпарат түскен.

Оқиға орынына жедел қызметтер жұмылдырылған.

Полиция қызметкерлері ғимараттарды тексеріп, ешқандай жарылғыш зат таппаған.

"Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау бойынша кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Аталмыш хабарламаға байланысты Теміртау қаласында барлық мектептер мен балабақшалар тексерілді.

"Еш жерден жарылғыш зат табылған жоқ", - деп қортындылады ПД өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети