19 қараша 2021 15:52

Тоқаев Беларуське ресми сапармен барады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Беларусь премьер-министрі Роман Головченко Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Минскіге 2022 жылы сапары жоспарланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Беларусь премьер-министрі Роман Головченко Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Минскіге 2022 жылы сапары жоспарланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Біз 2022 жылы Қазақстан Республикасы президентінің Беларусьқа ресми сапарын күтеміз. Осы уақытқа дейін жақсы нәтижелерге (елдер арасындағы ынтымақтастық – ред.) қол жеткіземіз деп ойлаймын", - деді Головченко Ереванда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес аясында ҚР премьер-министрі Асқар Маминмен кездесу барысында.

Оның айтуынша, екі ел арасында тауар айналымының тенденциясы жақсы жүріп жатыр. Қаңтар-қыркүйек айларында тауар айналымы 32 пайызға өсіп, 780 миллион долларды құрап, Беларусьтің экспорты да, импорты да артты. Бұл елдер арасындағы тауар айналымының теңгерілгенін көрсетеді.

Беларусь премьер-министрі Қазақстанда Беларусь жобалары бойынша сүт фермаларын салу жөніндегі келісімдерді жүзеге асырудағы оң динамикаға ерекше тоқталып, елдер арасындағы өндірістік кооперацияның дамуына назар аударды. Оның айтуынша, тараптар екі мемлекеттің басшылығы бұған дейін қол жеткізген келісімдер бойынша қадам жасап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети