11 қаңтар 2022 12:57

Тоқаев бензин сатудан түскен маржаның бір бөлігін бюджетке құюды ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бензин сатудан түскен маржаның бір бөлігін бюджетке құюды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бензин сатудан түскен маржаның бір бөлігін бюджетке құюды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бюджетке қосымша кіріс көздері қажет екенін айтты.

"Шикізат бағасы жоғары болған жағдайда тау-кен өнеркәсібінде кәсіпорындар кірісі өсті. Біз мұны білеміз. Мен Үкіметке бюджетке қосымша кірістер мәселесін пысықтауды тапсырамын. Оның орнына кең көлемде қамтамасыз ете аламыз. Жаңа кен орындарын барлау мен игеруді ынталандыру. Оның есесіне, жаңа кен орындарын барлау мен игеруге жеңілдіктер беруге болады. Мен ірі тау-кен компаниялары және басқа да ірі компаниялар туралы айтып отырмын. Қолайлы нарық жағдайында бензин өндірушілер мен әртүрлі делдалдар қосымша пайда алады. Бұл маржаның бір бөлігін акциздер арқылы бюджет пайдасына құю қажет деп санаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісте.

Тоқаев Үкіметке есеп-қисап жасауды тапсырды. Бұл ретте ол "бағаның көтерілуіне жол беруге болмайтынын" айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.97   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети