01 ақпан 2023 15:18

Тоқаев SCAT әуекомпаниясының президентін қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы SCAT әуекомпаниясының президенті Владимир Денисовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы SCAT әуекомпаниясының президенті Владимир Денисовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президентке әуекомпаниясының былтыр атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған даму жоспары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына 2030 жылға дейін компанияның әуекемелері паркі мен бағыт желілерін кеңейту жөнінде мәлімет берілді.

Бұдан бөлек, Президентке Шымкент әуежайындағы аэровокзал кешені құрылысының барысы және авиациялық хабты дамыту шаралары туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев SCAT әуекомпаниясының қызметіне оң баға беріп, оның даму стратегиясын қолдады.

Мемлекет басшысы Шымкенттегі авиациялық хабтың құрылысын аяқтаудың, авиациялық тасымалдау саласының өңірдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың маңыздылығына назар аударды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети