14 ақпан 2023 13:39

Тоқаев Түркиядағы қазақстандық құтқарушыларды марапаттауға уәде етті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Түркиядағы қазақстандық құтқарушыларды марапаттауға уәде етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тоқаев Түркиядағы қазақстандық құтқарушыларды марапаттауға уәде етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына барған сапарында айтты. Айта кетейік, бүгін Президент жұмыс сапарымен Ақмола облысында жүр.

"Жақында Түркияда жойқын жер сілкінісі болғанын білесіздер. Менің тапсырмаммен бауырлас Түркия еліне құтқарушылар және дәрігерлер жіберілді. Олардың арасында Ақмола облысының мамандары да бар, яғни 18 адам. Біздің құтқарушылар бірнеше адамды аман алып шықты.

Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатқан азаматтарымызға алғыс айтамын! Түркиядан аман-есен оралған соң оларды міндетті түрде марапаттайтын боламыз", - Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети