04 маусым 2014 17:28

ҰБТ: екі күнде ең жоғары көрсеткіш екі түлекте ғана

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Республика бойынша ҰБТ-ның алғашқы екі күнінде 43498 мың түлек тестілеуге қатысты, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Республика бойынша ҰБТ-ның алғашқы екі күнінде 43498 мың түлек тестілеуге қатысты, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

2-3 маусым күндері ҰБТ тапсырған түлектердің 30958-і қазақ, 12540-ы орыс тілінде тапсырған. Тестілеу бойынша әзірге ең жоғарғы балды 2 түлек қана жинады. Олар Алматы қаласында №178 лицейдің түлегі Айғаным Әбдіжапар мен Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның бітірушісі Әсия Марат.

"ҰБТ басталған алғашқы күні тестілеу пунктерінің 61-і, екінші күні 60-ы ғана жұмыс істеді. Барлық тестілеу өткізу пункттерінде  нәтижелер жұрт назарына ұсынылып отырды. Сонымен қатар, тестілеу нәтижесін жариялауда кешіктіру фактілері болған жоқ", - делінген  Ұлттық тестілеу орталығы таратқан мәліметте.

Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14.00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары бар. Ал апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер бойынша да қабылданған.

Жалпы, ҰБТ-ның 2-3 маусымдағы қортындысы төмендегідей: 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети