02 мамыр 2023 11:39

Үкімет ауызсу тапшылығы бар аймақтарды атады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев ауызсумен аз қамтылған аймақтарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев ауызсумен аз қамтылған аймақтарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2022 жылдың соңына қарай сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік қалаларда 98,4 пайызды, ауылдарда 94,5 пайызды құраған. Ақтөбе, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік және Батыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау және Қызылорда облыстары ауызсумен 100 пайыз қамтылған өңірлер қатарына кіреді.

"89 қаланың 64-і немесе 72 пайызы 100 пайызға қолжетімді. 6295 ауылдың 4900-ы немесе 78 пайызы ауызсумен қамтылған. Қалаларды ауызсумен қамтудың ең төменгі деңгейі Жамбыл облысында - 91,9 пайыз, Қостанайдағы ауылдарда - 80,4 пайыз, Ақмола - 89,8 пайыз және Солтүстік Қазақстан облыстарында - 85 пайыз", - деді Марат Қарабаев.

Өз кезегінде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жыл соңына дейін өңірдегі көрсеткіш жақсарып, тағы 66 елді мекеннің тұрғындары сапалы суға қол жеткізетініне сендірді.

"Биыл 21,1 миллиард теңгенің 52 жобасы жүзеге асырылып жатыр. Тағы 66 елді мекеннің тұрғындары сапалы суға қол жеткізеді. Нәтижесінде жыл соңына дейін ауыл тұрғындарының сумен қамтамасыз ету қызметіне қолжетімділік ұлғаяды", - деді Құмар Ақсақалов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.97   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети