Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімін жариялады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰБ мәліметіне сілтеме жасап.


"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Жылдық инфляция 2023 жылдың аяғына қарай бір таңбалы мәнге жеткен.

"Айлық инфляция желтоқсанда орташа жылдық мәндерден біршама жоғары болды. Сыртқы инфляциялық процестер азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуі мен орталық банктердің тежеу саясатына байланысты қолайлы қалыптасуда. Фискалдық ынталандырумен қамтамасыз етілген орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер тарапынан ішкі экономикада инфляциялық қысым сақталып отыр", - делінген ҰБ хабарламасында.

Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі шешімдер инфляцияның динамикасына және оның болжамды траекториясына қаншалықты сәйкес келетініне байланысты болады.

"5 авйыздық инфляция бойынша мақсатқа жету үшін ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет. Ұлттық Банк экономикадағы ақпараттар легін қадағалап отыратын болады және күтпеген өзгерістер болмаса, базалық мөлшерлемені өзгертуді тоқтата тұруды жоққа шығармай, оны кезең-кезеңімен төмендетуді жалғастырады. Сонымен бірге мөлшерлемені төмендету циклі ұзақ болуы мүмкін".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +36
Астана +31
Ақтау +31
Ақтөбе +28
Атырау +30
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +28
Қ
Қостанай +42
Қызылорда +29
П
Павлодар +25
Петропавл +34
С
Семей +39
Т
Талдықорған +40
Тараз +45
Түркістан +23
О
Орал +32
Ө
Өскемен +42
Ш
Шымкент +35

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер