07 қараша 2017 10:30

"Жарайсың, ханшайым" - Димаш Кұдайберген Украинаны таңдай қақтырған алматылық қызға сенім артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген украиналық шоудың әділқазыларын таңдай қақтырған алматылық 10 жастағы Данэлия Төлешованы мақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген украиналық шоудың әділқазыларын таңдай қақтырған алматылық 10 жастағы Данэлия Төлешованы мақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жарайсың, ханшайым. Тамаша орындап шықтың. Финалға дейін жетесің деген үміттемін!!! Мен саған сенемін", - деп пікір қалдырған Димаш Құдайберген Данэлия Төлешованың Instagram желісіндегі парақшасында,

Еске сала кетейік, осыған дейін алматылық 10 жастағы қыздың "Голос. Дети" шоуының барлық қазыларын өзіне қаратқаны жайлы хабарланған болатын.  

Қазылардың бірі Наталья Могилевская Данэлияның орындауын бұл байқаудың тарихындағы ең үздік деп атап өтті. 

"Ғажайып дауыс, керемет. Бұл видео әлем бойынша сан рет қаралатын болады. Жүз пайызға сенімдімін. Сен қай командаға барсаң да, осы байқауға келуіңнің өзі бізге абырой", - деп атап өткен еді қазылар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети