1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Әуен

Данелия Төлешова клип түсірді

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Украиналық "Голос. Діти" шоуының жеңімпазы атанған алматылық 10 жастағы Дәнелі Төлешова клип шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Другие" әніне түсірілген клип әншінің YouTube хостингіндегі ресми арнасында жарияланды.

Еске сала кетейік, 10 жастағы Дәнелі Төлешова Украинадағы байқауда жеңімпаз атанған болатын. Суперфиналда Данелия "Не твоя війна" әнін орындап, залда отырған біраз адам және өз ұстазы Дима MONATIK көзіне жас алған еді.

Ал кейінірек Данелия Төлешованың анасы қызының алдағы жоспарлары жайлы айтып берген болатын.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та Данелия Төлешованың өнеріне тәнті болғанын айтқан еді.